Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті.«Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехиялық «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау имаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады. Жалпы облыста жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды»,-деді облыс әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облысымыздағы бірқатар басқармалардың өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани […]
Тарих бетінен, ұрпақ санасынан өшпейтін күн
Тарих бетінде қастерлі күн саналатын 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» 23 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтіп келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылы атаулы күн ретінде белгіленген бұл дата еліміздің өткен […]
ОҚО-да биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Мәселен, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан […]
Пікір қалдыру