Қазығұрт ауданындағы газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының құны 80 млн. теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «ONтүстік өнімдері» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының «Банк несиелерін кепілдендіру» шарты бойынша қаржылай қолдауға ие болған. Сонымен қатар, Түркиядан кондитерлдік өнім өндіретін құрал-жабдық әкелген Гүлзия Бейсебаева елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалғанын айтты.Бұдан бөлек, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазығұрт ауданында жылына 63,2 млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясын аралап көрді. Бүгінгі таңда кәсіпорын сынақ мерзімінен өтіп, электр қуатын шығаруды бастап кетті. Электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосу үшін «Оңтүстік жарық» мекемесіне 1кВт 16,71 теңгеден электр қуатын өткізіп жатқанын айта кету керек. Үлкен кескен каналынан 6м³/сек. су алынып, 450 метр төмен қарай электр станциясына келіп, арнайы қондырғылардан өтіп сағ/1000 кВт. электр қуаты шығарылады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Түркістандағы жылыжай кешенін аралап көрді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Түркістан қаласында осы жылдың шілде айында іске қосылған Оранғай ауылдық округіндегі «Инар А.С.» жылыжай кешенін аралап көріп, қызанақтың өнімділігін байқады. Айта кету керек аумағы 0,5 гектарды құрайтын жылыжайдан бүгінге […]
ОҚО әкімі Бәйдібек ауданындағы «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің жұмысымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын […]
ОҚО әкімі: өңірдегі әрбір ауданда лагерь болуы қажет
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Мәжіліске облыс әкімінің барлық орынбасарлары мен аудан, қала әкімдері және облыс әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында өңір басшысы ең алдымен өңірде жазғы сауықтыру […]
Пікір қалдыру