Қаламыздағы А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі Абай танушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері ОҚО-ның құрметті азаматы, М. Әуезов атындағы Гуманитарлық ғылыми ғылыми зерттеу институтының директоры Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбат кеші өтті. Кездесу барысында белгілі ғалым Абай мұрасын қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы ретінде негізге ала отырып сөз қозғады. Сондай-ақ ұлы ақынның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес екендігін етене жеткізді. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына кеңінен тоқталып, жаһандану жағдайында ұлттық жэңғыру үдерісін тарихи-мәдени, ғылыми, танымдық, тәрбиелік тұрғыда жүзеге асыру керектігіне кеңінен тоқталды. Өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен студент жастары қатысқан жиында Абай атамыздың өлеңдері оқылып, қара сөздері айтылды. Сондай-ақ жастар Мекемтас Мырзахметұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша мәнді де мағналы кеш өз деңгейінде өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бәйдібектіктерге үлкен серпін беріп отыр. Елде екпінді бастамалар көбейді. Соның айғағы десек те болады: Мәдениет ауылында Мыңбұлақ жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. […]
ТҮРКІСТАН: ЕЛБАСЫНЫҢ СЫНЫПТАСЫ ЖЕТІСАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Тұңғыш Президентіміз Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу кешке аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым […]
ОҚО халқы бірлік пен ынтымақтың, ұлтаралық және ұлтішілік татулықтың арқасында жетістіктерге жетуде
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының халқы бірлік пен ынтымақтың, ұлтаралық және ұлтішілік татулықтың арқасында Тұңғыш Президентіміздің «Қазақстан — 2050» Стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары мен міндеттерін орындауда нақтылы табыстарға қол жеткізуде. Сонымен қатар, Елбасымыздың […]
Пікір қалдыру