Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырылғаны естеріңізде болар. Осыған орай, берілген тапсырмаға сай бүгінде аудан орталығында аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік азық-түлік дүкені ашылды. Аталмыш әлеуметтік сауда орнын жеке кәсіпкер Ербол Пазылбековтің халық игілігі үшін ашқан сауда орнында күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайыз төмен сатылып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары арнайы әкелініп, халыққа ұсынылып отырғанын айта кеткен жөн. Әлеуметтік азық түлік дүкенінің ашылу салтанатына Отырар ауданы әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш, Пердехан Жаппарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев және тиісті сала басшылары арнайы келіп қатысты. Өйткені, мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылады деп күтіліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОТЫРАРДА ТАЛҒАТ РАХМЕТТІҢ ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНДЫ
Отырар ауданында белгілі бапкер, ұлағатты ұстаз Рахмет Талғат Ақтайұлының жүлдесі үшін баскетболдан дәстүрлі облыстық ашық біріншілік бастауын алды. Халқымыз жастарды отансүйгіштікке, батылдық пен ептілікке денінің сау да, шымыр болып өсуіне баса назар аударған. Кең байтақ […]
Отырарда бейімдеу орталықтары ашылды
Отырар ауданының Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін Күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту, мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін […]
ОТЫРАРЛЫҚ ШАРУАЛАР ЖАҢА ЖОБАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ НИЕТТІ
«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін «ОNTUSTIK» […]
Пікір қалдыру