Отырар ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Отырар ауданы бойынша орындалуы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай баяндап, 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға кеңінен баяндап, саладғаы мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2017 жылға кешенді жоспары 2334 адам болса, соңғы он айдың өзінде бұл жоспар артығымен орындалып, 2434 адам жұмыспен қамтылып отырғанын айта кеткен жөн. Мұнан бөлек ауданда мүгедек жандарды да жұмысқа тартып, тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделген. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандар бойынша 78 адам жұмысқа тартылса, 214 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы айтқанда бүгінгі жиынды қорытындылаған Рыскелді Салхутдинұлы тиісті сала және мекеме басшыларына айтылған мәселелер бойынша жұмыстарды одан әрі ширатуды тапсырып, жыл қорытындысымен жақсы нәтижелерді күтетінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жиын өтті
Отырар ауданында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандағы мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Рыскелді Әліш ашып, жүргізіп отырды. Мінбеге көтеріліп, арнайы баяндама жасаған аудан […]
Шардарада 120 адам 3 айлық курста білім алып жатыр
Шардарадағы №16 колледжі кәсіптік білім беру мекемесінде оқу бағдарламалары модульдік оқыту жүйесіне бейімделіп жасалған. Тіпті шалғайдан келетін ауыл балаларын жатақханамен де қамтып отырғанын айта кету қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім […]
Тұңғыш Президент күні қарсаңында отырарлықтар марапатқа ие болды
Өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадамын жасаған Қазақстан халқы үшін 1 желтоқсан мерейлі мереке. Бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және […]
Пікір қалдыру