Отырар ауданында, аудан әкімінің міндетін атқарушы Рыскелді Әліштің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, онда екі мәселе қаралды. Жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Оралбай «Бизнестің жол картасы-2020» және «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» бағдарламаларының орындалу барысы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, бөлім басшысының айтуынша 2017 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 974млн. 700 мың теңгені құрады. Оның ішінде жеке тартылған инвестиция көлемі 2 есе артығымен орындалғанын айта кету керек. Мұнан бөлек ауданда инвестициялық ахуалды дамыту мақсатында «Dala Solar» күн сәулесінен электр энергиясын өндіру жобасы қолға алынып жатыр. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Отырар ауданы бойынша орындалуы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай баяндама жасап, 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда қоғамдық бірлестік өкілдерімен кеңес өтті
Отырар ауданы әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, жиынға ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен кеңес мүшелері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Пердехан Жаппарқұловтың төрағалығымен өткен жиында жергілікті әкімдік […]
ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 260 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ БАҒЫТТАЛҒАН
э Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд.тенге құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өскен. Аталған соманың 41,5%-н жеке инвестициялар құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде […]
Отырарда бейімдеу орталықтары ашылды
Отырар ауданының Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін Күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту, мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін […]
Пікір қалдыру