Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары 328 мың тонна шитті мақта жинады. Айта кету керек бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 41 мың тоннаға артық. Бүгінде мақтаның әр гектарына орташа түсімділігі гектарына 24,5 центнерге жетіп отыр. Сонымен қатар, жиналған ақ алтынның 196,6 мың тоннасы немесе 60 пайызы машинамен терілді. Яғни, бұл дегеніміз мақта алқаптарында 500 ден астам комбайн теру жұмыстарын жүргізіп келген. Ал, қазіргі таңда жиын-терім науқаны толығымен аяқталды.Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Ал, мақта дақылын өсірумен облыстағы 10 ауданның шаруалары айналысып келеді. Мақта дақылы экспорттық маңызға ие болғандықтан егіс көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл Оңтүстікте 134,6 мың га жерге шитті мақта егілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың га артық. Көктемнің кеш түсуі мен ауа райының қолайсыздығына байланысты биыл мақта теру жұмыстары қараша айының 20-сына дейін созылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жетісайдағы «З-Асаната» фермерлік қожалығы мақта терімін тиянақты жүргізіп жатыр
Жетісай ауданында ақ алтыннан жақсы нәтиже көрсеткен қожалықтардың қатарында Мақталы ауыл округі Алмалы ауылындағы «З-Асаната» фермерлік қожалығы да бар. Аталған қожалық биылдың өзінде 160 гектар жерге мақта дақылын сеуіп, 400 тоннадай ақ алтын алуды жоспарлап […]
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРГЕН ЕЛБАСЫҒА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай және Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен келді. Сонымен қатар, үкімет мүшесі алдымен Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығында болды. Онда Өмірзақ Естайұлы […]
Мақтааралда 200 мың тонна мақта жиналды
Аудан мақташылары ауа-райының әрбір ашық күндерін тиімді пайдалана отырып, қазірге дейін қырманға 200 мың тонна «ақ алтын» жинады. Гектар өнімділігі әр гектардан 21,4 центнерден түсуде. Жиналған өнімнің 118 мың тоннасы комбайнмен, 82 мың тоннасы қол […]
Пікір қалдыру