Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы аясында Төлеби ауданындағы №7 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жəне Бірінші Мамыр елдімекеніндегі №2 Балалар үйінде «Бақытты балалық» концерттік шарасы өтті. Туа бітті кемістігі бар мүгедек жəне жастайынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, балғын балаларды арнайы құттықтау мақсатында өткен қайырымдылық шарасында облысқа белгілі өнерпаздар əуелете əн салып, бүлдіршіндермен қосыла би биледі. Туған жер, Отан, бақытты балалық шақ аясындағы əндерге шаттана қол соғып, қуанған балғындарға арнайы тəттілер де үлестірілді. Сыйлықтарға облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлы, мекеме орынбасары Жорабеков Берік Əбдіқадырұлы жəне жас актриса Зульфия Омарова демеушілік жасады.Бұған дейін де мекеме тарапынан қайырымдылық шаралары дəстүрлі түрде ұйымдастырылып, ел келешегі-жас ұрпақтың арманшыл ойларына қанат бітіріп, жүректеріне қуаныш ұялатып келсе, жаңа жыл қарсаңында да бірқатар жоспарлар қолға алынуда.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстанда төрт басқарма қайта құрылады
Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта басқару схемасын жүйелндіру мақсатында төрт басқарма қайта құрылатын болады. Бұл туралы бүгінгі өткен алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында мәлім болды. Тарқатып айтар болсақ, өңірдегі […]
ОҚО-да өткен «Арыс жағасында» ретро-фестивалінде елімізге белгілі бес сазгердің әндері шырқалды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтті. Өңірде сегізінші рет өткізіліп отырған мерекелік кеште елімізге белгілі Тұрдықылыш Ізтай, Мұхтар Құралов, Құралай Сәтмұханбетова, Лесбек Аманов, Ержан Серікбаев сынды композиторлардың әндері орындалды.Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев […]
ОҚО-да Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Тұңғыш Президенті күніне арналған 1000 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» […]
Пікір қалдыру