ОҚО-да биыл 400 жуық қайырымдылық іс-шаралары өткізілген

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 24 сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, елімізде қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруды жүктеген еді. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 27 мыңнан астам адамға 85 миллион теңгенің көлемінде заттай және қаржылай көмек көрсетілген. Сонымен қатар, 6 науқасқа еліміздің беделді медициналық мекемелерінде кезексіз ем қабылдауына ықпал етілген. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық-қайырлы іс» атты шарасында ассамблея хатшылығының меңгерушісі Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мәлімдеді.«Ал, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 400-ге жуық қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, құны 30 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді. Бүгінде дана халқымыздың «кең болсаң, кем болмайсың» деген қанатты сөзін бойына сіңірген 136 меценат қайырымдылық көрсетуді азаматтық парыз деп, мұқтаж жандардың тұрақты қуанышын көріп келеді» деді ол.Сонымен қатар, шара барысында облыстық сатира және әзіл сықақ театрының өнерпаздары «Достық керуені» атты комедиялық қойылымды көпшілік назарына ұсынды.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*