Қаладағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудан басшылары алдымен қала мектептері әзірлеген көрмені тамашалады. Көрмеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны мен Қазақстанның даму кезеңдері, Рухани жаңғыру аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан шаруалар кеңінен таныстырылды. Қала, ауыл әкімдері мен мекеме, ұйым басшылары, ауыл билері мен ақсақалдар қауымы жиналған салтанатты мерекеде аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев баяндама жасады.«Бүгін шардаралықтар барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды еңсеріп қана қоймастан, бүгінгі таңда еліміздің экономикасы қарқынды дамушы мемлекеттер қатарымен терезесі тең дәрежеде дамуына айрықша күш салып келеді», – деген Бауыржан Қуанышбайұлы аудан тұрғындарын айтуыл мерекемен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда 2 фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Мақтарал ауданындағы Мақталы және Қызылқұм ауылдық округтерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді.Нысанның ашылу салтанатына […]
Жаушықұмдық жастар қарбыз егіп пайдаған кенеліп жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара […]
ОҚО-да өткен «Қайырымдылық-қайырлы іс» форумы өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өткізілді.Игі шараның басты мақсаты — жергілікті жомарт жандардың демеуімен ауыр науқасқа шалдыққан бүлдіршіндерге […]
Пікір қалдыру