Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды. Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы өнімді жинап, сатылымға шығарды.«Біраз жылдан бері қарбыз егумен айналысып келеміз. Тер төге білсең – жер ана несібесін аямайды. Біз өнімді сапалы әрі ерте шығаруға тырысамыз. Сондықтан болар қарбызымызға сұраныс жақсы. Өзбекстандық Рустам Мамедов есімді азамат жыл сайын тұрақты алушымыз. Ол бізден сатып алып, ары қарай Ресейге жол тартады. Биылғы табысымызға кәсібімізді одан әрі дамыту жоспарымыз бар. Алдағы уақытта ауылдан жылыжай ашып, қызанақ, қияр секілді өнімдермен тұрғындарды қамтамасыз етсек деп отырмыз», — дейді Нұрсұлтан Есенбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Шардаралықтар Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шараны атап өтті
Қаладағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудан басшылары алдымен қала мектептері әзірлеген көрмені тамашалады. Көрмеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны мен Қазақстанның даму кезеңдері, Рухани жаңғыру […]
Оңтүстіктің полиглот жастары «ЭКСПО»-дан оралды
Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар […]
Ордабасы ауданының әкімі жастармен жүздесті
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, түрлі салада қызмет ететін ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Бұл жүздесу еркін сұхбат түрінде өтіп, жастарға ерекше серпін берді деп айтуға болады. Өйткені, […]
Пікір қалдыру