Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, түрлі салада қызмет ететін ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Бұл жүздесу еркін сұхбат түрінде өтіп, жастарға ерекше серпін берді деп айтуға болады. Өйткені, кездесу барысында аудан басшысы өзінің жастық шағынан естеліктер айтып, тəуелсіз мемлекетіміздің даму тарихынан сыр шертіп өтті. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, жоспарларымен бөлісті.Қазақ күресінен əлем чемпионы Əділжан Ыстыбаев, Төрткүл ауылынан жас кəсіпкер Арыстан Омар, мәдениет саласының жас қызметкері Берік Бейсенбай спорт пен мəдениет саласын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, бүгінгідей жылы жүздесу жалғасын тапса деген тілектерін айтып өтті. Өз кезегінде Рашид Үсіпханұлы ауданның дамуында əр жастың қосар үлесі маңызды екеніне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
«КИЕЛІ ТАБИҒАТ»: ҚАЛА ЖАСТАРЫ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгін қаламызда «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі […]
ОҚО жастары үшін «Робототехника» үйірмесі ашылды
Оңтүстік жастары үшін енді робототехника әлемін зерттеу қолжетімді болмақ. Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Robo Park» оқу орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Робототехника» […]
Ордабасыдағы ауылдарға газ құбыры тартылып жатыр
Ордабасы ауданы тұрғындарының 6,9 пайызы немесе үш елді мекен (Бөржар ауыл округіне қарасты Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар елді мекендері) табиғи газбен қамтылған. Қосымша Бадам елді мекенінің бір бөлігіне (305 абонент) кәсіпкерлер есебінен табиғи газ тартылған. Биыл […]
Пікір қалдыру