Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндірді. Сала мамандарының айтуынша, жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады. Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАР 60 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары барысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз–2018» мерекелік шарасына қатысты. Биыл сарыағаштық диқандар мол өнім жинады. Межеленген жоспар артығымен орындалып, 60 миллиард теңгенің өнімі алынған. Өз кезегінде […]
САРЫАҒАШ ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ АУДАНДАРЫ — ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ
Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін шырайлы Шымкент шаһарына өз тауарларын Сарыағаш және Ордабасы аудандарының өкілдері алып келді. Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 […]
Сарыағашта бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті
Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 30 дан аса жұмыс беру мекемелері қатыстырылып, 500-ден аса жұмыс орындары ұсынылды. Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы […]
Пікір қалдыру