Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 – желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай салтанатты мерекелік жиын өткізілді. Мәдениет үйінің фойесінде әр ұлт өкілдерінің орындауында «Менің Президентім» өлеңі оқылып, «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі «Елбасымыз жасай берсін» әнін орындап, қала зиялыларын патриоттық көңіл күймен қарсы алды. Айта кету қажет, Елбасымыз Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бейнематериал көрсетіліп, «Иассы» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін нақышына келтіріп орындаса, Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балауса» бишілер тобы «Шаттық» биін ұсынды. Сонымен қатар, Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, қала халқын мерекемен құттықтап, қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген бірнеше азаматтарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Мұнан кейін мәдениет үйінің әншілерінің орындауындағы «Менің елбасым» әні мен хор ұжымының «Егемен Қазақстан» әні мерекенің ажарын одан әрі аша түскендей болды.
Ұқсас жаңалықтар
«Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтті
Өткен жылдың соңында Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласы — Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып бекітіліп, жыл бойы түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік […]
Ж.Түймебаев: Яссауи кесенесін басқару менеджментіне сандық технологияны ендіру маңызды
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ЮНЕСКО-ның Париждегі тарихи қалалық ландшафттар жөніндегі кеңесшісі Кристина Иамандиге Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ЮНЕСКО әлемдік мұрасының нысаны ретінде шетелдік туристер үшін тартылыс күшіндей екенін сөз еткен облыс басшысы ескерткіштің, мейлінше, бұрынғы кейпінде […]
Мырзағали АЙТЖАНОВ: Түркістанға заманауи спорт кешендері салынады
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің халқына арнаған Жолдауында спорттың дамуына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығының кепілі екенін ақиқат. Осы орайда Мемлекет басшысы 100 спорт кешенін тұрғызу жөнінде тапсырма жүктеді. […]
Пікір қалдыру