Шардара қаласында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Таң азанымен ауылдық округтерден келген шаруа қожалық иелері өздері өндірген өнімдерін базар нарқынан төмен бағада қала тұрғындарына ұсынды. Жәрмеңкеге келген халық күріштің бір келісін 150 теңгеден, асқабақтың келісін 50 теңгеден, картоптың келісін 80 теңгеден, пияздың келісін 65 теңгеден сатып алып жатты. Сондай, балық өнімдері де арзан бағамен, атап айтқанда, мұздатылған табан балықтың бір келісі 130 теңгеден, көксерке 300 теңгеден, балық фаршы 500 теңгеден саудаға шығарылды.«Алты алаш» алаңындағы мерекеге жиналған жұртшылықты аудан әкімі Болатбек Қыстауов құттықтады. » Сіздерді бүгінгі ауданымызда өткізіліп отырған ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «Алтын күз – 2017» мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздердің барлықтарыңыз да биылғы жылдың мол өнімінің өндірілуіне өзіндік үлестеріңізді қостыңыздар. Аудандағы егіншілік саласы бойынша биылғы жылы жеткен жетістіктерімізге қысқаша тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер. Аудан бойынша биылғы жылы 20460 гектар жерге егілген мақталық алқаптың әр гектарынан 28,4 центнерден өнім жиналды, оның жалпы көлемі 58181 тоннадан асты. Сондай-ақ күріш, бидай, арпа, жүгері, бақша, көкөніс дақылдарынан да мол өнім алынды. Биыл әсіресе, Көксу, Алатау батыр, Қоссейіт ауылдық округі мақташылары және озық технологияларды, оның ішінде тамшылатып суғару әдісін ендіру арқылы «Жаушықұм» ауылдық округіне қарасты «Иіржар Агро» ЖШС-і зор табыстарға қол жеткізді. Тамшылатып суару әдісі – суды үнемдеу ғана емес, ең бастысы мол өнім өндіруге қол жеткізетін тиімді тәсіл екені баршаңызға белгілі. Аудан диқандары биылғы жылы межеленген 700 гектардың орнына 775 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін ендіріп, гектар түсімін арттырып отырғаны өзге де шаруа қожалық иелеріне үлгі болуы тиіс деп ойлаймын» деді аудан әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының дәрігерлері ауыр жағдайдағы жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалды
Осыдан бірнеше күн бұрын Шардара ауданының тұрғыны, 1990 жылы туылған Жансая Дүйсенова жедел жәрдем арқылы аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Ол жақта жергілікті дәрігерлер әйелден жедел деструктивті аппендицитті анықтаған. Соқыр ішегі жарылып кеткен аяғы ауыр әйел […]
Көксарай ауылында өткен «Алтын күз-2017» жәрменкесінде шаруалар марапатталды
Отырар ауданынындағы Көксарай ауыл округінде өткен «Алтын күз-2017» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде ауыл әкімі Әбдірахман Мәуленқұл үздік ауылшаруашылығы еңбеккерлерін аудандық мәслихаттың мақтау қағаздары мен ауыл округі әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Биыл көксарайлық дихандар мал […]
Шардара ауданында 11 елдімекен газға қосылады
Бұл туралы Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. – Ауданымызда бүгінгі таңда газдандыру жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қазірге дейін аудан бойынша Ұзын ата және Алатау батыр ауылдары, немесе аудан […]
Пікір қалдыру