1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысынан арнайы делегация Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жеріне барды. Айта кету керек, аталмыш топ мүшелері Алматы облысы, Қарасай аудандық тариxи — өлкетану мұражайындағы бүгінгі — тұлға, ертеңгі-тарих Елбасының балалық шағы мен өмір жолынан мол мағлұматқа қанық болды.Сонымен қатар, Елбасының курстасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Марат Қыстаубаев, еліміздегі болмысы бөлек ерекше жан, ең ұзын адам Қалдыбай Атажанов, Оңтүстік Қазақстан облысы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Хасан Бациев, Қазақстан Республикасы өзбектері “Дустлик” қауымдастығы төрағасының орынбасары Усманәлі Қадыров, жазушы, фантаст Сарманбай Исақов, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы Абзал Әділбеков, ұстаз Жұмаxан Керімбеков және Айғақ телеарнасының түсірілім тобы мен «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің белсендісі, жас блогер Лаура Серікбай сияқты бір топ мүшелермен делегация құрамы толыққанын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО ЭКСПО көрмесінде 4 жобаны интерактивтік картада ұсынбақ
Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде интерактивтік картада Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшылығы мәлім етті.Ааламыш жобалар «Нұр Әлем» […]
ОҚО-да 15 мың оқушының қатысуымен «Шабыт шеруі» өтті (видео)
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы — Шымкент қаласында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің «Шабыт шеруі» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстан 15 мың оқушы мен […]
ОҚО-да «Туған жер» бағдарламасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы мақаласында айтылғандай, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті әкімшілігі белгілеген жобалық менеджмент тәсілімен жүргізіліп жатыр. Бұл орайда, ұзын сонар жоспар жасау, жобаны жүзеге асыру үшін түрлі мәжілістер, талқылаулар ұйымдастыру […]
Пікір қалдыру