Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған мәжіліс аясында Елбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетті университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент А.Есенәлиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекетті педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.к. С.Әбубәкіров, М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, п.ғ.д. Н.Алметов және облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев хабарлама жасап, Мемлекет басшысының жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы саясатын, әлемдік аренадағы биік беделін, ел экономикасын арттыру жолындағы жасампаз еңбектері туралы сөз сөйледі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар ішінде қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, өміршеңдігін көрсеткенін, бүгінде Парламентте этнос өкілдерінен сайланған депутаттардың заң шығарушылық үдеріске қатысуы ресми тұрғыда бекітілген әлемдегі жалғыз мемлекет екендігі мәжілісте айрықша айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Тәуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» фотокөрмесі
Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз […]
Арыста Тұңғыш Президент күні аталып өтілді
Тәуелсіздікке ие болған жиырма алты жыл ішінде Республика Президентінің жетекшілігімен ауқым¬ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем аларлық саясат ұстанды. Еліміздің […]
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шардараның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандар марапатталды
Шардара ауданында Тұңғыш Президент күніне орай, түрлі салада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, көркейіп-гүлденуіне айрықша үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімі болды.Мәселен, былтыр ғана іске қосылған балық өңдеу зауытының басшысы, жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаев, аудандық ішкі істер […]
Пікір қалдыру