Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Көрмеде, сондай-ақ, Ұлт көшбасшысының көп ұлтты, көп конфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді. Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев қатысты. Сондай-ақ көрмені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтардың қарасы қалың болды. Олар әрбір суретке үңіле қарап, қызығушылықтарын білдірді. Көрменің соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған қауым керемет көрмемен бірге әсем ән тыңдап ерекше көңіл күйде тарқасты.
Ұқсас жаңалықтар
Арыста Тұңғыш Президент күні аталып өтілді
Тәуелсіздікке ие болған жиырма алты жыл ішінде Республика Президентінің жетекшілігімен ауқым¬ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем аларлық саясат ұстанды. Еліміздің […]
ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша бүгін шымкенттік 96 отбасы баспаналы болып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй кешеннің ашылу […]
Шымкенттегі №1 емханада «Ашық есік күні» өтті
30 қарашада Шымкент қалалық №1 емханасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында, «Ашық есік күнін» өткізді. Шара барысында ақ халаттылар 500 адамның саулығын тексеріп, хәлдерін білді. Нақтырақ айтқанда, емделушілердің қан қысымдары өлшеніп, дене салмағының индексі анықталып, зертханалық тексерулерден өткізілді. […]
Пікір қалдыру