Литвалық білікті дәрігерлер Шымкентке келді

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында медицина саласына көңіл бөлініп, жергілікті билік тарапынан қолдау білдіріліп жатыр. Жаңа емханалар ашылып, заманауи құрылғылар алынуда. Осыған орай, жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында, Шымкент қаласына әлемдік деңгейде мойындалған, білікті литвалық 5 дәрігер келді. Олар мұндағы өз әріптестеріне шеберлік сабағын бастады. Нақтырақ айтқанда, мамандар Литваның Каунас қаласынан келген 5 дәрігердің арасында акушер гинеколог, анестизиолог-реаниматолог, неонтолог, неонталды медбике мен акушер бар екен. Бүгінде Балтық теңізі жағалауындағы елдерде медицинаның жақсы дамығаны баршаға аян. Сол себепті, Литвадан келген шетелдік мамандар бір апта  бойы жергілікті мамандарға перинаталдық және неонаталдық күтімнің жаңа технологияларын үйретеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, өте білікті дәрігерлер Шымкент қаласындағы №4 және Түркістан қаласындағы №3 перинаталдық орталықтарда 32 маманмен тәжірибе алмасатынын да айта кету керек.

Естеріңізге сала кетейік, медициналық қызмет сапасын жақсарту, ана мен бала өлімін азайту және  медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатындағы бұл әріптестік 2010 жылдан басталған болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*