Арыста «Отабсы-әлеуметтік берекенің негізі» шарасы өтті

Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Отбасы – Отанның ошағы. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция, біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын. Осы орайда бүгін қалалық мәдениет үйінде «Отбасы – әлеуметтік берекенің негізі» тақырыбында қалалық ата-аналар форумы өтті.
Форумның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, білім беру саласында сыбайластық жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Форумға қала әкімі М.Қадырбек, облыстық білім басқармасының бас маманы А.Қайрат, облыстық білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасы Н.Байғұтов, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, ата-аналар, ардагер ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.
Ата-аналар форумын қала әкімі М.Қадырбек ашып, сөз сөйлеп, бірқатар ата-аналарды «Үлгілі отбасы-2017» арнайы номинациясымен марапаттады.
Жиын соңы қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*