Отандық сайттардағы жыныстық қатынас туралы жазбалар жайында! Айгүл Орынбек: Халықты қоздыру үшінде тендер бөлінген бе?

Танымал заңгер, блоггер  Айгүл Орынбек, бүгінде отандық ақпараттық сайттардың оқырман санын арттыру үшін жыныстық қатынас жайлы ақпараттарды жиі жариялайтынына ашынады. Блоггер бұл ойын өзінің «фэйсбук» парақшасында былай жеткізіпті.

«Көктемнің әсері ме, әлде қазақ журналистерінің (кейбір) төсек пен жыныстық қатынастан басқа жазарлары қалмады ма белгісіз! Фейсбукты ашып қалсаң, бір сайт төсекте қанбай жүрген қаншық жайлы жазады. Екінші сайт негрге тиген қазақ қызын жарнамалайды. Үшінші сайт көзіне шөп салған малғұндарды жазады. Ақпарат министрлігі не үшін құрылды? Осы ақпараттарды бақыламаса? Әлде халықты қоздыру үшінде тендер бөлінген бе? Сайттардың тоқтамай «порно история » жазғандарына қарап жоғары жақта бір төсек құмар біреу отырма деп қаласың! Зорлық-зомбылық көбейді деп ойбайлаймыз! Телеарналарды былай қойып, енді сайттар жыныстық қатынастар жайлы ақпаратты таратуына не себеп? Бұны оқыған жастар бұзылмаған да кім бұзылады? Ұлттық идеология қайда? Миллиондаған қаржылар не үшін бөлініп жатыр ақпарат саласына? Ақпарат саласын БАҚ өкілдерін бақылауда ұстай алмаса не үшін құрылды? 
Сұрақ көп, жауап жоқ. Құдды бір қазақты құрту саясаты жүргізіліп жатқан сияқты, қазақтың әр қызын неше түрлі шет елдік маймылдармен жарнамалап!
Маңызды мәселелер қалмағандай елде, өңкей аңдығандары төсек! Ұят емес пе?!»-дейді заңгер Айгүл Орынбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*