Түркістан облысының теріскейіндегі Созақ ауданы, Құмкент ауылында спорт кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп барша ауыл тұрғындарын мерекелерімен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Айта кету қажет, спорт кешенінің ашылу салтанатында әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бұл ғимарат бірнеше жылдан бері сақалды құрылысқа айналған еді. Кейіннен спорт ғимаратының құрылысына жергілігті бюджеттен жүз елу үш млн теңге қаржы қаралып бөлінгенін айта кетпеске болмас. Нысанның құрылыс жұмыстары екі мың он жетінші жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Спорт кешенінің құрылысын «Ноутилус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, қазан айында аяқтады. Заманның барлық талаптарына сай салынған спорт ғимаратында бүгінгі таңда күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, мұнда жергілікті жердің 19 азаматы жұмыспен қамтылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОТТАЛҒАНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі 15 сотталған бос жұмыс орын жәрмеңкесі нәтижесімен тұрақты жұмыспен қамтылды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және аудандық пробация қызметі […]
Түркістан: Дәріханалар 136 түрлі 2 тонна дәрімен толықты
Бүгін Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келді. Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн. теңгеге халыққа қажетті 136 түрлі 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Атап айтқанда, антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және […]
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕЕВ: КЕНТАУДЫ ЖАСЫЛ ОАЗИСКЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК
«Кентауды жасыл оазиске айналдыру керек. Көгалдандыруды күшейтіп, гүлбақтар мен көпшіліктің көңілінен шығатын демалыс орындарын көбейткен жөн», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына жасаған жұмыс сапарында. Аймақ басшысы қаладағы атқарылып жатқан жұмыстармен […]
Пікір қалдыру