Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстың дамуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 250 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,6%-ды құраған. Мал басы артып, 3500 тонна ет экспортталған. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. 500 мың тоннаға жуық өнім Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 286,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21 млрд.теңгеге артты. Өңір экономикасына 142 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Қазір облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 8 айда құрылыс көлемі 66,2 млрд. теңгеге жетіп, өсім 105,8% болды. Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 21,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды. 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни, 1922 пәтер іске берілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 137,6%-ды құрады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар басталды
Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Жеңіс саябағында» «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік жиын өтетін болады. Бұдан бөлек, облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты онлайн […]
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СОХРАНЯЮТСЯ КАРАНТИННЫЕ ОГРАНИЧЕНИЯ
В Туркестанской области во время пандемии увеличилось количество сайтов продажи скота. Учитывая карантинную ситуацию, специалисты сферы сельского хозяйства поддерживают увеличение количества таких площадок, где развивается торговля без посредников. Закрытие животноводческих рынков никак не повлияет […]
«Ontustik Tourism. Invest 2017» форумына келген қытайлық делегация Түркістанға барды
Оңтүстік Қазақстан облысы орталығы Шымкент қаласында өтіп жатқан «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік және инвестициялық форум аясында қытайлық делегация Түркістан қаласына барды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған топ әуелі ұлттық өнерді тамашалағанын айта кеткен жөн. […]
Пікір қалдыру