ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАП, ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

Түркістан облысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті.
Актив жиналысын ашып беріп, жүргізіп отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын жеткізді. Ел Президентінің Жолдауындағы әрбір тармақты талқылаған аймақ басшысы ондағы міндеттерді Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстармен байланыстыра баяндады.
«Елбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды жүктей отырып, оның болжамды нәтижелерін де атап өтті. «Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді», — деді Президентіміз. Бұл тапсырма да жаңадан құрылған Түркістан облысында да кәсіпкерлік саласының одан әрі дамуына тың жол ашады», — деді Ж.Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*