ОТЫРАРЛЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында идеологиялық активтің мәжілісі өтті.
Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында Жолдауға байланысты баяндама оқылып, пікірлер тыңдалды.
Алдымен білім саласы өкілдерінің атынан Жамбыл атындағы мектеп-лицейі директорының орынбасары Жанна Жолдас баяндама жасап, дәстүрлі Жолдауда айтылған білім сапасын көтеруге байланысты мәселелерге тоқталды. Ұлағатты ұстаз өз сөзінде: «Мағжан ақын айтқандай, Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі болатын күн де алыс емес деген ойдамыз. Ол үшін келер жылы қабылдануы жоспарланған «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының мұғалім құқын толыққанды қорғайтындай болып жасалуына қоғам болып атсалысуымыз керек деп ойлаймын» деп, Елбасы Жолдауын педагогтар қауымы қызу қолдайтындығын айтты.
Келелі кеңесте өздерінің тұщымды ойларын ортаға салған аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мырзахмет Темірбеков пен Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Әділханов Жолдауда халықтың тұрмысының түзеліп, табысының еселенуіне ықпал ететін тұстарын айрықша атап өтіп, келер жылды «Жастар жылы» деп аталатынын зор ықыласпен қабыл алғандығын баян етті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*