Түркістанда аппараттың кеңейтілген отырысы өтті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен аппарат мәжілісінің кеңейтілген отырысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде алдымен Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен мен жол, кәріз жүйелерінің жаңаруы жайлы соңғы мәліметтер мен 2020 жылдан бастап елімізде енгізілетін атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері талқыланды. Сондай –ақ, Түркістан қаласын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары барысы бандалды. Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталуға сатысында тұр, делінді мәжіліс барысында. Сектор жетекшілерінің баяндауынша, құрылыс нысандары ауқымды Нұр – Сұлтан және Шымкент қалалары көштен қалып келеді. Елордалық құрылысшылар мойнына алған 1167 пәтерге күрделі жөндеу жүргізілсе, үш көпқабатты үйдегі 287 пәтер жаңадан салынуда. Бұл аймақтарға қарайтын үйлердің құрылысы мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жалғасуда. Құжаттардың қаржы министрлігінде мақұлдануы мәселесі де кезең – кезеңмен жүріп жатыр. Түркістан қаласы жасыл желектендіру жұмыстары бойынша Арыс тәжірибесі негізінде 16 секторға бөлінген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*