Түркістан облысында АӘК қайта есептелді

Бүгінде Түркістан облысында су ұңғымалары мен құдықтар қазылып, заманауи жаңа аялдамалар ашылып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуда, сонымен қатар жолаяқ пен велосипед жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты облыс бойынша соңғы деректері жария етілді. Бұл ретте, табысын жасыру, жеке бизнесінің болуы және АӘК алу шарттарын бұзу секілді 18 мыңнан астам дерек анықталған. Бұрын тағайындалған АӘК-ті қайта есептеліп, тоқтатылды (4,2 мың отбасыға АӘК бас тартылды, 3,1 мың отбасыға уақытша тоқтатылды, 7,3 мың отбасыға қайта есептелінді) және артық төленген 650 млн.теңгенің 38,8 млн.тг. қайтарылды. Енгізілген өзгерістер, алаяқтарға қарсы күреске, әлеуметтік көмекте әділдіктің жоғары болуына және еңбекке ынталандыруына бағытталған. Бұл тұста 7 млн-ға жуық қазақстандық отбасыларға (18,5 млн. адам) әлеуметтік карта жасалды. Автоматтандырылған режимде анықталатын электронды әлеуметтік карта отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтайды. Бұл отбасының әлсіз жерін анықтауға, превентивті шараларды көрсетуге және жергілікті деңгейде әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*