Сайрамдық азамат миллион теңгенің азық-түлігін таратты

Түркістан облысы Сайрам ауданында жанашыр азамат миллион теңгенің азық-түлігін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратты. Алланың рахымы жауған қасиетті Рамазан айында Сайрам аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Nur Oran» партиясының мүшесі Акмальжан Исаков  50 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді. Қайырымдылық шаралардың ұйытқсы боп жүрген азамат бұл игі іске 1 млн. теңге жұмсаған.

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Сайрамда жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр.

  • Дүние жүзін дүрбелеңге салған жаман дертке байланысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорының жұмысы Түркістан облысында осылай жанданып жатыр. Бұған дейін де облысымыздың басқа да аудандарында кәсіпкерлердің «Birgemiz» қорына үлес қосып, еліміз үшін сындарлы шақта әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен болатын. Игі іс өз жалғасын табуда.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*