Шымкент: Абай ауданында 41 балалар алаңшасы салынып жатыр

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында биыл 41 балалар алаңшасы салынып жатыр. Бұл мақсатқа 637,4 млн. теңге қарастырылған. Сондай ақ 8 спорт алаңын орнатуға 131,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қала басшысы аудандағы бұл жұмыстардың ауқымдылығын атап өтіп, барлық құрылыс нысандардың сапасына мән беріп, тұрақты бақылауды жауапты тұлғаларға тапсырды. 

Соңғы 10 жылда аудандағы 219 аулаға балалардың ойын алаңшасы мен 50 спорт алаңы орнатылған. Тек өткен жылы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 45 аулаға ойын алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Абай ауданы аумағын аралап шыққан Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Водопьянов көшесінде өткен жылы өртенген үйдің орнына салынып жатқан 85 пәтерлі үйдің құрылысын да көріп шықты. Тапсырыс беруші «Шымкент» ӘКК» АҚ мен мердігер «Отау Строй» компаниясына құрылыс жұмыстарын Қала күніне орай аяқтап, баспана кілтін тұрғындарға уақытынан ертерек табыстауды жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*