Шымкент: Нұрсәттегі көпқабатты үйлердің қасбеті жөнделеді

Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған.

Мәселені талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады.


Тұрғындармен кездесу  барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын алматылық құрылыс компаниясы жүргізгенін айтты. Мердігердің тұрғын үйге берген 5 жылдық кепіл мерзімі де аяқталмаған екен. Алайда, бүгінде аталған компания жұмысын тоқтатқан. Бірақ заңды түрде банкрот деп жарияланбапты. Сол себепті де қаланың құрылыс басқармасы жауапты мердігер компанияны сотқа беріп жеңіп шыққан.
«Қазір сала мамандарымен және құрылыс компанияларымен сөйлесіп, сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмын. Бұл үйлердің сыртын жөндеп беремін. Себебі, мердігердің қателігіне тұрғындар кінәлі емес. Сабырлық танытыңыздар, демеушілермен де сөйлесіп жан-жақты қарастырып жатырмын»- деді қала әкімі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*