Шымкент қаласында тағы бес адамнан короновирус анықталды.
Вирус жұқтырғандар 1965 жылы туылған, 2004 жылы туылған, 2007 жылы туылған, 2011 жылы туылған, 2012 жылы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны расталып отыр. Оқшауланған науқастар карантиндік стационарға жатқызылды. Сондай-ақ, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық екендігін дәрігерлер хабарлада. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар анықталу үстінде. Қарым-қатынаста болған адамдардың барлығынансынама алынып, оларды медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Дезинфекция жұмыстары қаламыздың әрбір бұырышына себіліп, алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласында вирустың таралу аумағын азайту үшін көпшілік орындарда бетперделік режимде жүруді ескертеді. Сонымен қатар, антисептик құралдарын жиі қолдануды ұсынады.
29.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 189 адам анықталды.
Пікір қалдыру