Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр

Шымкент қаласында үш ауысымдағы мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Осы мақсатта қала әкімдігі жүйелі жұмыс істеп жатыр. Оқушылары үш ауысымда білім алып жүрген Шымкенттегі Зоя Космодемьянская атындағы нөмірі 12-ші мектепте бұл проблема биыл шешімін таппақ.


Бүгін Шымкент Қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейіне барды. 59 жылдық тарихы бар бұл білім ұясында балалар үш ауысымда оқып жүрген болатын.
Айта кетейік, 1480 орындық мектеп 1961 жылы салынған. Бүгінде мұнда, яғни Зоя Космодемьянская атындағы нөмірі 12-ші мектепте 4800 бала білім алып жүр. Сол себепті қазынадан қаржы бөлініп, бүгінде бұл білім ошағына жапсарлас 300 орындық ғимарат салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Өмірзақ» құрылыс компаниясы нысанды осы жылдың тамыз айында тапсыруды жоспарлап отыр. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар мұнда екі ауысыммен оқи бастайды. Құрылыс жұмыстарының барысы қала әкімінің қадағалауында болмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*