Шымкентте автомектептердің жартысына жуығы онлайн форматқа көшті

Шымкент қаласында жұмыс істеп жатқан автомектептердің 40 пайызы онлайн форматқа көшті.  Соңғы берілген 2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын 30 автомектеп тіркелген. Олардың арасында 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырған.

Шымкент қаласында карантин мерзімі 25 мамырға дейін ұзартылды. Сондықтан да  қала тұрғындарының әлі де онлайн оқуды бастауға мүмкіндігі бар. Яғни карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиялық талаптарды ескере отырып онлайн оқу — ыңғайлы әрі үй жағдайында өтеді. Сондай ақ, қосымша ақпарат пен онлайн-форматқа қандай ұйымдар көшкенін 2ГИС-тен көруге болады. Ол үшін сізге бар болғаны іздеу жолына «Автомектеп» сөзін енгізіп, тізімді берген кезде жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Онлайн» батырмасын басу арқылы фильтрді пайдалану қажет. Үйден шықпай ақ көлік жүргізудің қыры мен сырын, жол жүру ережелерін жадыңызға тоқып алуға керемет мүмкіндік. Карантин кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану да өз келешегіңіз үшін керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*