Шымкенттік құтқарушылар суға кеткен баланы табуға атсалысты

Демалыс күндері шымкенттік құтқарушылар суға кеткен баланы іздеу жұмыстарына атсалысты. 17 мамыр күні Түркістан облысы Түлкібас ауданы Арыс ауылдық округінің Керейіт ауылынан 3 жасар бүлдіршіннің суға кеткені туралы хабарлама кеп түскен. 2017 жылы туылған бала Арыс өзеніне батып кеткен.
Сол күні сағат 15: 40-та оқиға орнына құрамында 6 адам, 1 техника, 1 жүзу құралы бар сүңгуір-іздеу тобы шыққан. Сағат 17: 34-те оқиға орнына келіп, баланы іздеуге кірісті. Құтқарушылар үш жасар бүлдіршіннің кәмелетке толмаған ағаларымен балық аулауға барғаны анықтаған. Алдын ала болжам бойынша өзен маңында ойнап жүрген бала суға құлап кеткен. Кешке дейін іздестіру жұмыстары оң нәтижеге бермеген. Сөйтіп іздестіру жұмыстары келесі күннің таң ертеніне дейін тоқтатылған. 18 мамыр күні сағат 12: 07-де іздестіру-сүңгуір жұмыстары барысында баланың денесі болжамды оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көпірдің астынан табылды.
«Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, бұл жағдайда қайғылы оқиға болмайды. Күн сайынғы профилактикалық рейдтерге қарамастан, адамдар құтқарушылардың ұсынымдарын ескермеуді жалғастыруда, бұл қайғылы жағдайларға әкеп соғады,»- дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*