ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕҢГЕ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚОРҒАЛҒАН ВАЛЮТАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЖАТАДЫ

1993 жылы 12 қарашада ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Алайда, оған дейін ұзақ және тыңғылықты дайындық жұмымыстары жүргізіліп, теңге тұжырымдамасын валюта ретінде әзірлеуде Дәулет Сембаев, Григорий Марченко, Ораз Жандосов және ҚР Ұлттық Банкінің бірінші төрағасы  Ғалым Байназаров, сондай-ақ басқа да мемлекет қайраткерлері қатысқан. Ал, теңгенің бейнесін салу жөніндегі шығармашылық топқа Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымысалы Дүзелханов және Хайрулла Ғабжалилов кірді. Олар банкноттардың бірнеше эскиздерін жасап, 4 нұсқа дайындаған.  Қазақтың көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлерінің — қазақ мемлекетінің негізін қалаушыларының портреттері бейнелеген соңғы нұсқа таңдалып алынған.
Қазақстандық теңгенің 20-дан астам қорғаныш элементі бар. Сондықтан ол әлемдегі ең қорғалған валюталардың қатарына жатады.
Әлемде бірде-бір елдің ұлттық валютасы қатарынан үш марапатқа ие болған жоқ. Халықаралық банкноттар қауымдастығының «2011 жылдың үздік банкноты» деп аталатын бірінші наградасы 2012 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік естелік банкнотына берілді. Келесі жылы да бірінші награданы ҚР Ұлттық Банкі алды, «Қазақ Елі» сериясындағы номиналы 5 000 теңгелік банкнот «2012 жылдың үздік банкноты» деген екінші наградаға ие болды. Қазылар алқасы купюраның дизайына, оның идеологиясына және қорғаныш деңгейіне ерекше назар аударды. Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық банкноттар қауымдастығы — 90-нан астам елдің сарапшылары мүше болып табылатын әлемнің әртүрлі елдерінің банкноттарын жинаушылар одағы. Олар әлемдік банкноттардың дизайнын, форматын және басқа элементтерін зерттеумен айналысады. 2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі тағы да «Жылдың үздік банкноты» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Ол «Күлтегін» түркі жазуына арналған номиналы 1 000 теңгелік естелік банкнотқа берілді.
Қазақстан танталы монеталардың жалғыз өндірушісі болып табылады. Қазақстандық монета сарайында жасалған коллекциялық монеталардың сапасы халықаралық монета конкурстарындағы көптеген жүлделі орындар алуымен расталып отыр. Бүгінгі таңда Теңге Тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады. Ұлттық валютаның дизайны Қазақстанның қазіргі заманын бейнелейді, барлық мемлекеттік рәміздерді, елдің сәулет объектілері мен табиғи ландшафттарының бейнелерін қамтиды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*