Бүгінде пластик құтылар шіру үшін 500 жыл керек, ал шыны материалдарының «ғұмыры» мың жылдан асады. Топыраққа оңайлықпен сіңе қоймайтын материалдарды теріп алып, қайта өңдеу әлемдік тәжірибеде кең көлемде қолданылып келеді.
Екіншіден, қатты қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс полигонына түсетін салмақты азайтуға болады. Яғни, қоқыстың бір бөлігі қайта өңдеуге кеткендіктен, қалдықтарды көму процесі жеңілдейді. Полигонды пайдалану мерзімі ұзарады.
Қалдықтарды теру, оларды сұрыптау қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бюджетке түсетін қосымша салығы тағы бар. Яғни қоқыс өңдеу зауытының экономика үшін тиімді екендігі айтпаса да белгілі.
Бүгінде полиэтилен өнімдерінен жіп иіріліп, кілем фабрикаларында жиі пайдаланылады. Тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың құтылары жасалады.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 7 ақпанда өткен кеңейтілген мәжілісінде «инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуды жандандыру» тапсырмасы берілген. Қалдықтарды жинаудан бастап, оларды сұрыптаумен айналысатын мердігер мекемелерге субсидиялау тетіктері мен несиелендіру «Жасыл Даму» АҚ-ы қаржысы есебінен қарастырылған. Облыстан бүгінгі күнге 14 жоба мақұлданған.
Мәжілісте облыс әкімі осы жұмыстарды жандандыру, қоқыстарды тұрақты бей-берекет тастайтындарға тиісті айыппұл салу, тазалықты сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру, заңсыз әрі талапқа сай келмейтін қоқыс полигондарын реттеу жөнінде тапсырма берді. Бұл жұмысты дұрыс атқармаса, аудан, қала, ауыл әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына тиісті шара көрілетіні ескертілді.
Айта кететін тағы бір жайт, «Мен неге қоқыс жайлы ойлануым керек? Ай сайын коммуналдық төлем төлеп отырмын ғой», дейді тұрғындар. Бірақ, пакетке оңды-солды салынған түрлі санаттағы тұрмыс қалдықтары қала шетіне барып үйіліп жатқанынан залал көп келеді. Басынан дұрыс жиналмаған қоқыс қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығын жояды – қағаз өнімдері бүлінеді, бөтелкелер жарылады, жуындымен араласады. Күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу, макулатура, шина мен бөтелкелерді өткізіп, пайда табу әрі қоршаған ортаны қорғау – азаматтық іс.
Қазіргі таңда еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтардың тек екі пайызы ғана өңделеді. Ал 98 пайызы далада шашылып жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, облысымыздағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қажетке жарату ісі бүгінгі күннің талабынан шығып отыр деп айта алмаймыз. […]
Пікір қалдыру