Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні жолдаған дәстүрлі Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту қажеттегіне тоқталған болатын. Өйткені, дені сау азамат қана қоғамның толыққанды мүшесі бола алады, елдің дамуына үлесін қосып, өзіне жүктелген лауазымдық қызметтерді адал атқара алады.
Осы мақсатта аудандағы барлық деңгейдегі мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен келісе отырып арнайы «Спорт күнін» белгіледік.
Өз кезегінде мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып таныс арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мен еңбекке деген талпыныстарын, қимыл-қозғалыс арқылы өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатындағы спорттық шараларға аптасына 2 күн жұмыстан кейінгі 3 сағат уақыт арналатын болады.
Бұл жай ғана бүгін айтылып, ертең аяқсыз қалатын іс емес, бұл – мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тек қағазбастылықпен, іс-құжаттармен ғана емес спортпен жүйелі шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын дәлелдейтін үлкен бастама.
Сонымен қатар, аудан аумағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ағымдағы жылы жеке инвесторлар мен бюджет есебінен салынуы жоспарланған 13 спорт нысанының 3-і пайдалануға берілсе, 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, тағы 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.
Пікір қалдыру