Қала тазалығы – бәрімізге ортақ. Тазалықпен айналысатын мекеменің қызметкерлері өз жұмысын жауапкершілікпен атқаратынын көпшілік жақсы біледі. Таңның атысы, күннің батысы демей, ыстық пен суықты да елемей еңбек етіп келеді. Десе де, биылғы Мемлекет басшысының Жолдауындағы тазалыққа айрықша тоқталуы, барша қала тұрғындарының тазалыққа немқұрайлы қарамау керектігін еске салды. Жыл асынын бері жүйелі түрде өткізіліп келген шырайлы Шымкент қаласына қарасты аудандарда үздіксіз тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолғы сенбілік Тұран ауданының Қазығұрт шағын ауданынан бастау алды. Қала аумағын көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке қатысқандардың қарасы қалың. Іс-шараға аудан тұрғындары мен Тұран ауданы әкім аппаратының қызметкерлері қатысып, 3 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды. Егілген ағаштар күздік маусымға арналған айлан, клен және ясин түрлерінен болды.
Шымкентті көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көзге көрініп, нәтижесі белгілі болып тұр. Егіліп жатқан көшеттер мен гүлдерді арнайы суару үшін жерасты құбырлары тартылған. Ала жаздай еткен еңбектің еш кетпеуін қадағалау да осы тазалық қызметкерлерінің жауапкершілігінде. Десе де өсімдіктер табиғат ананы жерсініп, кейбірі қурап қалып жатады. Ол қараусыз қалудан емес, көшет пен топырағының байланыса алмауы деп түсіндірді мамандар.
Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол сенбіліктің қоршаған ортаны тазарту және халықты бірлікке шақыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, бұл аймақтың алдағы уақытта демалыс саябағына айналатынын айтты.
Қазығұрт бірнеше жылдар бұрын қала шетіндегі елді мекен қатарында еді. Миллионды қалаға айналғаннан кейін жер аумағы кеңейіп, аталған елді мекен орталыққа жақындай түсті.
Сенбілікке 17 мыңнан астам тұрғын қатысып, 32 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, аудан аумағынан 382 тонна қоқыс шығарылып, қала таза әрі көгалдандырылған ортаға айналды.
Айта кетейік, Тұран ауданы тазалық шараларына белсенді қатысатын аудандардың бірегейі. Бірлікке бастайтын тазалық шарасына үздіксіз қатысатын жастар барша замандастарын тазалыққа шақырады.
Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында қоғамдағы маңызды үдерістерге кеңінен тоқталып өтті. Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керектігін ерекше атап көрсетті. Бұл қасиет, әсіресе, жастар үшін аса маңызды. Президенттің айтуынша, қазіргі жастардың патриотизмінің басты көрінісі […]
Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар […]
Түркі елдерінің астанасы, киелі қаламыз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын талқыла. Астанадан арнайы ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жұмыс тобы келіп, ақсақалдармен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлерімен және ғылыми […]
Пікір қалдыру