Оңтүстік Қазақстан облысның әкімі Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі жыл басында іске қосылған «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжайында болды. Ерғали Жолдасбеков басшылық жасайтын жылыжай көлемі 0,35 гектарды құрайды. Заман талаптарына сай соңғы үлгідегі Кореялық құрылғымен жабдықталған жылыжайдың сметалық құны 70 миллион теңге. Бүгінде мұнда егілген қиярдан 36 тонна жиналып отыр. Негізгі қуаттылыққа жеткен кезде бұл жылыжайдан гектарына 150 тонна өнім алуға болады.Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында жылыжайлардың жалпы көлемі 50,6 гектарды құрап отыр. Оның ішінде өнеркәсіптік жылыжайлар 10 гектар асып жығылады. Ал, жалпы еліміздегі жылыжайлардың 90 пайызға жуығы оңтүстікте орналасқанынан хабардар боларсыз? Өйткені, өңіріміздің климаты егін шаруашылығын өте қолайлы. Жергілікті халық та осы несібеден айрылғысы келмей, ерте көктемде дала жұмыстарына кірісіп кетеді. Соның арқасында 2016 жылы жылыжайлардан көктемгі және күзгі ауысымда орта есеппен 1040 тонна қызанақ, 1130 тонна қияр, 90 тонна басқа да көкөністер, 200 мың дана гүл, барлығы 2260 тонна көкөніс өндірілген. Қазіргі таңда жергілікті жердегі жылыжайларда өндірілген қызанақпен қала тұрғындары 45, қиярмен 67 пайызға қамтамасыз етіліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда «Шамшырақ» балабақшасы ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды балабақшамен қамту мәселес жыл санап өз шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда өңірдегі балалардың 80 пайыздан астамы бөбекжайлармен қамтамасыз етілген. Жуырда облыс басшысы Жансейіт Түймебаев, Түркістан қаласына сапары барысында тағы бір балабақшаның […]
Түркістан: Өкпе қабынуы мен тұмау белгілерімен жедел жәрдем шақыртуы азайған
Түркістан облысы бойынша маусым айында медициналық жедел-жәрдем шақырту орталығына орта есеппен 3000- ға жуық қоңырау түскен болатын.Қазіргі таңда өңірде 1800 қоңырау түсуде. Шақыртудың басым бөлігі егде және орта жастағы науқастардың дене қызуы көтерілуі және […]
ҚР Премьер Министрі Түркістанда болды
Бақытжан Сағынтаев Түркістанның бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында болып қайтты, солардың ішінде Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де бар. Онда университет ректоры Уәлихан Әбдібеков Премьер-Министрге оқу орнының инфрақұрылымын таныстырып, ЖОО-ның дамуы мен осында қолданылатын […]
Пікір қалдыру