Ордабасы қойының кәдуілгі қойдан қандай айырмашылығы бар?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясына қатысқан «Сералы» ШҚ төрағасы С.Әбжалов пен отырарлық «Бек» ЖШС төрағасы Б.Зұлпыхаровтар жаңа қой тұқымының ерекшелігіне тоқталды.         Олардың айтуынша, бұл қойдың кәдуілгі қойдан ерекшелігінің бірі тірідей салмағының жоғарлығында екен. Мәселен, аналықтар 72-85 кг болса, қошқарлар 103,5-123 келіге дейін болады. Сонымен қатар, жастөлдердің тез өсімділігімен ерекшеленеді. Яғни, 4 айлық еркек қозылар етке өткізуде 42-45 кг салмақ тартып, сойыс шығымдылығы 52% құрайды. Мұнымен қоса оның ерекшелігі етті және етті-майлы бағыттағы әлемдік қой тұқымдарымен бәсекелестігінде.

Айта кетейік, қой және қозы етін өндірудің тиімділігі орта есеппен 88,5%-ды құрайды. Осы мақсатта жаңа тұқымның 12 385 асыл тұқымды мал басы 125 қой шаруашылығын жүргізетін субъектілерге сатылды және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өсірілуде. Осы ретте, «Сералы» шаруа қожалығы жыл сайын Ордабасы қой тұқымының 1000 басын Қазақстанның әртүрлі аймақтарына жіберіп отыратытын атап өткен жөн.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*