Ордабасы ауданында «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп жатыр. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай. Ал, өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.Айта кету керек, алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен дирімен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатты. Соның арқасында қазіргі таңада осылайша тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірменді іске қосылып тұр. Бұл жобаның инвестициялық құны 470 млн теңгені құрайды. Оның ішінде өз қаржысы 280,0 млн.т. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өндіріс-2» желісі бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзімге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы несиелендіріліп отыр.Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр. Серіктестік директоры Бауыржан Сапарымбетовтың мәлімдеуінше, бүгінде диірменде 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыда ауыл жастарына арналған «Ұлытау» спорт кешені ашылды
Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылында жабық кіші футбол алаңының құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. «Ұлытау» спорт кешенінің ашулы салтанатында ауыл азаматы Ораз Үндемесов, бапкер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытжан Ибрагимов, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Нүридін Шәмшіұлы […]
Ордабасылықтар фармацевтикалық өнімдерді экспорттап жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Ордабасы ауданындағы «Сейтбек әулеті» мен «Бастау фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орнында барды. Бұл кәсіпорын фармацевтикалық қызметпен, дәрілік өсімдіктерді және оның шикізаттарын дайындаумен айналысып жатыр. Өндіріс орнының жылдық өнімінің […]
Ордабасы ауданында түрлі салаға жауаптылар 6 айдың есебін берді
Ордабасы ауданы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева сөз алып, аудан бюджетінің атқарылуын кеңінен талдады. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Тәшімова, жергілікті полиция […]
Пікір қалдыру