Бүгін Созақ ауданында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында ауылшаруашылығын қортындылаған жиында барлық ауыл округ әкімдіктері өз өнімдерін қойып тиімді бағада халыққа ұсынды.Өндірісті аграрлы ауданның шаруалары мемлекет қолдауымен және өздерінің тынымсыз еңбегінің арқасында биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Бүгінде жүйелі жоспарланып, жіті ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4170 бас тұсақ қойлар алынып, меже 184 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалды. Аудан бойынша барлығы 801 агроқұрылым тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Оның ішінде 30 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 763 шаруа қожалықтары. Осы агроқұрылымдардың ішінен 86 шаруашылық «Қазақстан Фермерлер Одағы» РҚБ мүше болып тіркелгендігін айта кетекеніміз жөн. Биылғы жылы аудан бойынша 2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленген, қазіргі таңда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Созақта өткен «AGROFEST-2017» фестивалінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде үздік нәтежие көрсеткен ауылдық округтер марапатталды
Созақ ауданында мемлекет тарапынан түрлі қаржы құрылымдары арқылы инвестиция тарту жолымен, ауыл шаруашылығы саласының дамуын несиелеу арқылы жаңа серпін беру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мәселен аудан аргроқұрылымдары 2017 жылдың 9 айында «Созақ несие» […]
Жеміс пен жеңіс мерекесі
Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатпен атап өтілді. Шара аясында ауылшаруашлық өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал, ауылшаруашылық техникаларының көрмелері ұйымдастырылды. «Еліміздің жетістіктерінде Ордабасылықтардың да елеулі үлесі барын ерекше атап өтпекпін. Несібесін еткен еңбегінен күткен жерлестеріміз үшін […]
Теріскейде 6000 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды
9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 25 жылдығында созақтықтар аудан тарихын түгелдеп, атаусыз қалған аруақ алдындағы борышын атқарды. Орталық саябақтағы Созақ ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған мемориалды тақта толықтай […]
Пікір қалдыру