Теріскейде 6000 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды

9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 25 жылдығында созақтықтар аудан тарихын түгелдеп, атаусыз қалған аруақ алдындағы борышын атқарды. Орталық саябақтағы Созақ ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған мемориалды тақта толықтай қайта жазылып, жаңарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1941-1945 жылдардағы соғыс даласына аттанған 6000 ардагердің есімімен қатар ауған соғысына қатысқан 32 азаматтың аты – жөні түгелдей жазылды.   Бүгінгі мерекеде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ауған, тәжік ауған соғысына қатысқан азаматтар, жалпы аудан халқы қатысып мемориалды тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мемориалды тақтаның лентасын аудан әкімі М. Исаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Т.Нұрқожаев, М. Жылысбаев, Ш. Тағаев салтанатты түрде қиды. «Қазіргі таңда жыл сайын қатары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 6 ғана арамызда бар. Біз барлық ардагерлердің есімін жадымызда қалдыру үшін соғысқа қатысқан азаматтарды түгелдеп, мереке қарсаңында 6000 адамның аты жазылған мемориалды тақтаны ашып отырмыз. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын»- деді аудан әкімі Мақсат Исаев.Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Ш. Тағаев аудан халқын мерекемен құттықтап, 6000 адамның есімі жазылған мемориалды тақтаның ашылуына ұйытқы болған аудан басшылығына алғыстарын айтты. Мемориалды тақта басында соғыста қаза тапқан сарбаздарды бір минут еске алып, құран бағышталды.Осы уақытқа дейін «Белгісіз сарбаз» мемориалды тақтасы 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. Ол кезде мемориалды тақтада бар болғаны 168 азаматтың есімі жазылған. Бір жыл бойы барлық ауыл әкімшіліктерінен соғысқа қатысқан, соғыста хабар ошарсыз кеткен азаматтарды жергілікті әскери комиссаратпен бірлесе отырып түгелденді. Тыңғылықты жүргізілген зерттеу, зерделену жұмыстарының нәтижесінде аудан бойынша 6000 азамат соғыс даласына аттанып, отан алдындағы парызын атқарыпты.

Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*