Бүгін Созақ аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. 2016-2017 оқу жылында аудандағы 35 білім беру ошақтарында 13469 оқушы білім алғанын айта кеткен жөн. Ал, соның ішінде мектеп бітірушілердің саны 683-ті құрап отыр.Осыған орай, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев, Т. Әлімқұлов атындағы лицей интернатты мектебіне барып, оқу ордасының түлектері мен оқушыларын оқу жылын табысты аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Р. Жақсыбергенов, ата- аналар, мектеп табалдырығынан кеше ғана аттаған 1-сынып оқушылары, мектеп бітіруші түлектерге сәтті сапар тіледі.Бүгінгі таңда Т. Әлімқұлов атындағы лицей интернатты мектебін 2015-2016 оқу жылында 49 шәкірт түлеп ұшқалы тұр. Биылғы теріскелік түлектердің талабы да жаман емес. Нақтырақ айтқанда, Созақ ауданы бойынша мектеп бітірушілердің ішінде 51 оқушы «Алтын белгіден» үмітті. Мұнан өзге тағы 20 оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестатпен бітіргелі отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Шардарада «Алтын белгі» иегерлеріне құрмет көрсетілді
Биылғы оқу жылын шардаралықтар жақсы нәтижемен аяқтап отыр деп айта аламыз. Мектеп бітірген 1008 оқушының 776-сы 21-23 маусым күндері ҰБТ сынағын тапсырмақ. Бүгінгі таңда 46 оқушы «Алтын белгі», 23 оқушы «Үздік аттестат» белгілерін иеленіп, ұстаздары […]
ОҚО-да 1353 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» үмітті
2016-2017 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысының 4 оқушысы халықаралық олимпиада да, 26 оқушы республикалық олимпиадаларда, 10 оқушы ғылыми жобаларда және өнер мен спорттан 10 оқушы халықаралық жүлделі орындарға ие болған. Ал, республикада жаратылыстану-математика бағыты бойынша […]
Биыл Созақ аауданының білім саласына 6 миллиардтан астам қаржы бөлінген
Созақ ауданының білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл санап артып келеді. Биылғы жылға қаралған қаржы 6 млрд 598 млн. 709 мың теңгені құрады. 2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы […]
Пікір қалдыру