Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен кезекті отырыста өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы жастар мәселесін май шаммен қарады. Жиында облыс әкімі бір емес бірнеше мәселені көтерді. Атап айтқанда, өңірде жастардың құқықбұзушылығы мен өзі-өзіне қол жұмсау фактілері көбейіпті. Бұған қарсы арнайы құрылған дағдарыс орталықтарының тиімсіз жүмыс жүргізіп отырғанын да айтып өтті. Сонымен қатар, соңғы кездері өңірдегі жергілікті арналарда жастарға арналған тәрбиелік мәні бар қызықты бағдарламалардың жоқтығында тілге тиек етті. Осы орайда, аталған мекемелер құзырлы органдармен бірлесіп, облыс бойынша жастардың қатысуымен қылмыс көп орын алатын орындардың тізімін жасақтап, қылмыстың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, әкім облыстағы барлық телеарналарда аптасына бір рет жастар бағдарламасын ашуды және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» жанынан жас көшбасшылар мектебі құрылуын жүктеді. Ал, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында орта арнаулы оқу орындарына ауыл жастарын тартуды, облыс бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда тұрғылықты жұмыссыз жастарды тарту бойынша қала, аудан әкімдерімен бірлескен шаралар қабылдауды, барлық мәдениет үйлері мен клубтарда жастарға арналған үйірмелер ашуды міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда бірнеше спорт нысаны пайдалануға беріледі
Түркістан облысында бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей басшылығымен көптеген жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік маңызы басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту жолында Түркістан қаласында сан алуан жаңа […]
Түркістан: қос елдің Үкімет басшысы Мақтааралдағы құрылысты бастап берді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында судан зардап шеккен тұрғындарға арналып үйлердің құрылысы басталып кетті. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан Премьер министрлері жаңа шағынауданның құрылысын бастап берді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР […]
Шымкентте Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Шымкент қаласының Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Ескі қала» шағын ауданы арқылы өтетін Қонаев көшесін ұзарту мақсатында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Айта кету қажет, мұнда жолға қажетті тұрғын […]
Пікір қалдыру