Шымкенттік қария Кеңесбек Сейдімбеков Астанаға велосипедпен аттанбақ. Жасы 70-ке таяған ақсақалдың мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту. Себебі, бұл шараны Елбасы бастамасымен еліміз тұңғыш рет өткізгелі тұр. Сондықтан, осылай көрмеге қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.«Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі біздің Елбасымыздың бастамасымен өткізілейін деп отыр. Бұл әркім өз тауарын тұтынушыға ұсынатын көрме ғана емес, халықаралық қауымдастықты ынтымақтасты, бірлікке, бейбітшілікке шақыратын шара. Мен сол Елбасының бастамасын қолдау үшін Астанаға велосипедпен аттанып барамын. Оңай емес, әрине. Дегенмен Астанаға барар жолымды айқындап алдым. Тараз, Шу, Балқашта тоқтап тынығып, Елордаға жетемін деп жоспарлап отырмын» дейді Кеңесбек ата.Қарияны Елордаға шығарып салу үшін өз немерелері мен Шымкенттік еріктілер келді. Олар жасы 70-ке таяған ақсақалға ақ жол тілеп, қолдау білдірді. Атамыз өз кезегінде жастарды күнделікті өмірде велосипедпен көп жүруге шақырды. Себебі, ол спорт. Ал, спорт саулық кепіліп екенін жеткізді.Айта кетейік, күні бүгінге дейін Кеңесбек ата өз велосипедімен Мәскеу мен Ауғанстанға барып қайтқан.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ағасы інісіне бауырының жартысын бөліп берді
Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында кезекті бауыр алмастыру отасы сәтті өтті. 28 жастағы Рауан Әбеновтің осыдан 3,5 жыл алдын бауыры сыр берген. Елемей жүре берген ғой. Ақыры, бауыр церрозына шалдығып Шымкенттегі жедел медициналық көмек […]
Оңтүстікте 2021 жылы халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға қарай халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады деп күтіліп отыр. Бұл меже 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін газдандырудың жоспары негізінде жүзеге асады. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте облыстық […]
ОҚО тұрғындарының 90 пайызы ауыз сумен қамтылған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 73,2 % ауыз сумен қамтылған. Яғни, жергілікті халықтың 90 % бүгінде таза су ішіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Республикада оңтүстік 4 орында тұр. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылданып жатыр. Алдағы […]
Пікір қалдыру