1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласында орналасқан Төлеген Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.Балалардың мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалаған аймақ басшысы Елбасының атынан осындағы тәрбиеленушілерге велосипед, теледидар және өзге де құнды сыйлықтар мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрме билеттерін табыстады. Мереке қарсаңында мол сыйлыққа ие болған балалардың көңілі күйі көтеріліп, мәре-сәре боп қуанып қалғанын айта кеткен жөн.«Балалар мерекесіне орай сіздерге әдейі келіп отырмын. Бала-біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын сендердің болашақтарыңды баянды ету біздің парыз. Сіздер үмітті ақтап, сабақты жақсы оқитындарыңызға, үлгілі де тәртіпті бала боп өсетіндеріңізге сенімім мол. Елбасымыз бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен білімді болуды айтқан болатын. Яғни, білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие де алуымыз қажет. Тәрбиесіз білім – сусыз диірмен»,-деді аймақ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер […]
ОҚО әкімі ескі қалашықтағы жаңа археологиялық қазба жұмыстармен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағындағы жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты. Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда […]
ОҚО әкімі Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы азамат Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті. Басқосуда тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде әңгімелесіп, Оңтүстіктің тарихы, әдебиеті мен мәдениет, ұлттық бірігуі жайлы сөз қозғады.сурет yvision.kz сайтынан […]
Пікір қалдыру