Оңтүстік Қазақстан облысында 16 жаңа су қоймасының құрылыс жүргізілетін болады. Сондай-ақ тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске асырылады. Аталған жоба жүзеге асқанда 320 млн. текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы жерді суғаруға мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Биылғы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде атқарылуына байланысты өңір топан судан зардап шеккен жоқ. Алайда мәселені зерттеп-зерделегенімізде жыл сайын 2 млрд текше метр судың ағып кететіндігіне көз жеткіздік. Ауыл шаруашылығына бейімделген және жаз айларында су тапшылығына ұрынатын аймақта көктемгі тасқын суды тиімді мақсатқа пайдалану ең басты мәселе болып табылады. Сондықтан да облыстың аумағында әзірге 16 шағын су қоймаларын салып, суармалы егістік алқаптарын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Аталған нысандар аймақты тасқын судан қорғап, егіншілікті дамытуға тікелей септігін тигізетін болады. Енді бюджеттен қосымша 250 млн теңге қаржы қарап, тағы да тоғандар мен су қоймаларын салу үшін тиісті жобалау, жоспарлау жұмыстарын жүргіземіз»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ның үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне қатысты дөңгелек үстел басында жиналды
ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, бүгін өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады. Шәріпбек Жамалбек, […]
ОҚО тұрғындарының 90 пайызы ауыз сумен қамтылған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 73,2 % ауыз сумен қамтылған. Яғни, жергілікті халықтың 90 % бүгінде таза су ішіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Республикада оңтүстік 4 орында тұр. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылданып жатыр. Алдағы […]
ОҚО-да Қазақстан мен Ресей дәрігерлері бірігіп ота жасады
Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкентте облыстық онкологиялық диспансерінде қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасады. Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының үйлестіруімен өткен «Несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісігінің мультитәртіптік тәсілмен емдеу» […]
Пікір қалдыру