ОҚО-да 10 мыңға жуық адам өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында өрт қауіпсіздігі бойынша департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүнісов мәлімдеме жасады.Оның айтуынша, дала алқаптарындағы өрттерді сөндіру үшін жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдарға жалпы 37 миллион 163 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Ал, облыс аумағында орман және дала өрттерін дер кезінде анықтау мақсатында ғарыш мониторингіне жалпы 6,5 миллион теңге қаржы қаралып, тиісті мекемемен келісімшарт түзілген. Бұған полковник өрт сөндіру жұмыстарына мыңға жуық ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылғанын айтып өтті. Онда 10 мыңға тарта адам жұмылдырылған.

«Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында ауыл округтерінде жалпы 9281 адамдардан тұратын 825 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылды. Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары, теміржол бойы мен егіс алқаптарында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде. Жолақтардың сапалы жүргізілуін қадағалу мақсатында  облыстан арнайы комиссия шығып бақылауда»,-деді Нұрғали Жүнісов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*