«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық жас туристер станциясы халықаралық мамандырылған „ЭКСПО-2017„ көрмесі аясында Қазығұрт шыңын бағындыру үшін біркүндік жорық ұйымдастырылды. Аталған іс-шара „Жер-Ана„ көпкүндік жорығының бір кезеңі болып табылатынын ескере кету керек. 120 үйірмеші шыңды екі әдіспен бағындырды — жүгіру және баяу жүру. Шыңға жүгіруден 1768 м биіктік шыңға жүгірушілерге бір сағаттан сәл астам уақытта бағынды. Ер балалар арасында — Салдарбеков Нұрислам бірінші, Касимов Никита екінші, Талип Нұрдаулет үшінші болып келді. Қыз балалардан топ жарған Афанасьева Екатерина болса, Демидова Алина мен Әжіман Мерей екінші және үшінші орындарды тиісінше бөлісті.Жас туристердің келесі сынағы 15-18 маусым күндері Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерь базасында жалғасын табады. Ақмешіт, Сухое, Мокрое шатқалдарына біркүндік жорықтар ұйымдастырылып, жеткіншектер жыл бойы көкжиекті анықтау мен жергілікті жердің картасын сызу бойынша алған білімдерін іс жүзінде сынап көреді.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікқазақстандықтар «Самарқан-Астана-Нұрлы жол» темір жол бағытына ашылған алғашқы поезды күтіп алды
Көршілес Өзбекстан Республикасы №452 «Самарқан-Астана-Нұрлы жол» халықаралық жүрдек пойызын Қазақстанға салтанатты түрде шығарып салып, қатынас көлігінің алғашқы рейсі Шымкентке келіп жетті.Сарыағаш вокзалы арқылы Шымкентте аялдаған жүрдек пойызды шаһар жұртшылығы сән салтанатымен қарсы алып, жолаушыларға сәтті […]
ОҚО-ДА ТҮРКИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖАҢА ЕКІ ЖОБАНЫҢ КЕЛІСІМІ ЖАСАЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн. АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге аспақ. Мұндай келісімге түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде қол жеткізіліп отыр.Қазақстанға жасаған сапары кезінде елордамыз […]
ОҚО-да 79 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы (2016 ж. — 611 мың оқушы) білім алады деп күтілуде, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады. Қазіргі таңда, 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. […]
Пікір қалдыру